Page 112 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 112

нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана
                кемшілігі: шылым тартады екен... Патшаның баласы шылым-
                нан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру
                шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды
                қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды
                қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да,
                қоңыраулар да қалмаған...» Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің
                оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қап-қараңғы терезеге ой-
                ланып  сәл  қарап  отырып,  селк  етті  де,  мұңайған  дауыспен:  –
                Мен енді шылым тартпаймын... – деді».
                                                         (Өнер. Балалар энциклопедиясынан)


                        8-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
                    1.  Мәтінге қандай ат лайық? Неге?
                    2.  Мәтіндегі  ауызекі  сөйлеуге  қатысты  берілген  бөлікті  та-
                быңдар. Ойларыңды дәлелдеңдер.
                    3. Қиялдың жеке адам өміріне әсері мәтінде қалай баяндалған?
                Осыған  ұқсас  жағдай  сенің  басыңнан  өтті  ме?  Үлкен дер  саған
                өзің туралы ертегі айтып беріп пе еді?
                    4. Мәтіндегі қандай сөздерде сын есім шырайлары бар? Жа-
                зушы оны не үшін қолданған?


                        9-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып жазыңдар. Қою қаріппен
                        жазылған сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалғаңдар.


                        10-тапсырма.  Қиял  кімге  не  үшін  керек?  Суретші,  жазушы,  ғалым
                        және т.б. мамандардың шығармашылығы  үшін  қиялдың қажеттігі
                        туралы ой түйіндеп жазыңдар. Оны диаграмма түрінде көрсетіңдер.


                        11-тапсырма. Мәтіннен үндестік заңына бағынбай жазылған сөздерді
                        тауып жазып, себебін түсіндіріңдер.

                    Үлгі : мұрагер, ...


                              12-тапсырма.  Өлеңді  мәнерлеп  оқыңдар.  Ақынның  сурет-
                              теуіндегі  табиғат  көрінісінің  ерекшелігін  ашыңдар.  Ақын-
                              ның шығармашылық қиялы туралы айтыңдар. Мәтіннен сын
                              есімдерді тауып, шырай жұрнақтарын жалғап, түрлендіріңдер.
                                  Айналып келді батқан Күн,
                                  Жығылды түннің жалауы.
                                  Алауын бақпай ақ таңның,
                                  Жұлдыздар сөніп барады.



             110
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117