Page 108 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 108
9-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жазыңдар. Ол
үшін мәтіндегі әр бөлікке тақырып қойыңдар. Тақырыптың тұсына
сол бөліктің ішіндегі тірек сөздерді жазыңдар.
*Тірек сөздердің үндестік заңына сәйкес айтылу ерекшелігін
түсіндіріңдер.
Есте сақта! Жазбаша тілде орфографиялық ережені
сақтау қандай қажет болса, ауызша сөйлеу кезінде орфо-
эпиялық заңды сақтап сөйлеу де сондай маңызды болып са-
налады.
10-тапсырма. Оқыған мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестеде
берілген қиялдың ерекшелігі мен мысалының сәйкестігін тексеріңдер.
Қате болса, түзетіңдер, себебін түсіндіріңдер. Дұрыс нұсқасын
қысқаша жазып алыңдар.
*Қою қаріппен жазылған сөздер мен сөз тіркестеріне сұрақ
қойыңдар. Олардың қай сөз табына жататынын айтыңдар.
Осы сөздердің синонимдерін, антонимдерін табыңдар.
№ Қиялдың ерекшелігі мысалы:
1 адамның қиялы оның «сары сайран далада тұрып
қызығушылығы өсетін қазақ баласының қиялы
мен қасиеттеріне, жүйрік, өткір, терең болуға
мақсатына байланысты тиісті»
2 адамның жас және алға қойған мақсатты жоспар-
дара ерекшеліктеріне лап, жүзеге асырудың жолда-
де, білім тәжірибесіне рын іздестіру қиялсыз мүмкін
де байланысты емес
3 қиял адамның ересек адамның қиялы мен
өскен ортасына, айналасын енді тани бастаған
ұлттық ерекшелігіне, жасөспірімнің қиялын бірдей
табиғатқа байланысты өлшеп, бағалауға болмайды
11-тапсырма. «Кімнің жады мықты?» Топқа бірігіңдер, мәтінді
бөліктерге бөліп алып, тағы бір рет оқыңдар. Мәтіннің ғылыми
тілмен жазылғанына назар аударыңдар. Әркім өзінің оқыған бөлігі
бойынша түсінгенін айтсын. Қай топтың оқушылары дұрыс айтса, сол
топ жеңеді.
106

