Page 106 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 106
Сөз таптары
«Сөз таптары» – қазақ тілінің терминдер жүйесін жасаған,
қазақ тіл білімінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы
енгізген термин. Тілдегі сөздер де адамзат қоғамы сияқты
өз ішінде бірнеше таптарға бөлініп, бір-біріне бағынып,
бірімен бірі байланысып, іштей аралас-құралас болып жа-
тады. Кейбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанып,
сол сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына «ауыса-
тын» да жағдайлар кездеседі. Сөздер де сол секілді «арала-
са» жүріп, адамның ойын білдіреді. Бірақ, тілдегі барлық
сөздер нақты бір белгілеріне қарай белгілі бір сөз табына
жатады. Ол қандай белгілер? Қарап көрелік:
1) бір сөз табына енетін сөздің барлығы бірыңғай ұғым-
дарды білдіреді. Мысалы, зат есім болатын сөздердің
әрқайсысы заттың, құбылыстың, ұғымның атын білдіреді:
мектеп, ақыл, Тәңір, ереже, Ай-Ару, Тұмар;
2) бір сөз табына енетін сөздердің барлығы бірдей сұраққа
жауап береді. зат есімдер кім? не?, сын есімдер қандай?
қай?, етістіктер не істеді? не қылды? және т.б.
3) бір сөз табына енетін негізгі түбір сөздер бірдей сөйлем
мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: зат есімдер негізінен
бастауыш, толықтауыш қызметін атқарса, етістіктер баян-
дауыш қызметін атқарады.
104

