Page 105 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 105
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Ақын өлеңіндегі негізгі
ойды анық таңдар. Арман мен қиялдың айырмашылығы туралы
өз ойларыңды айтыңдар. Мәтіннен туынды сөздерді табыңдар,
олардың қалай жасалып тұр ғанын түсіндіріңдер.
Адам, сірә, бақытын місе еткен бе,
Армандайық, армансыз кісі өткен бе.
Байламы жоқ бақытқа құлдық ұрмай,
He жетсін арман қуып, іс еткенге.
Көңілімізді бақытпен алдандырып,
Арман қуып келеміз, арман қуып.
Арман барда, арманға тоқтау бар ма?
Жан бар ма екен арманға салған құрық?!
(М. Мақатаев)
4-тапсырма. Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
5-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен адам бойындағы қасиеттерді
білдіретін сөздерді жазып алыңдар. Мәтінде қандай туын-
ды сөздер бар? Олардың қандай жолмен жасалып тұрғанын
айтыңдар.
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
− Мәтінде не туралы айтылды?
− Мәтінге қандай ат қояр едіңдер? Неліктен?
− «заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаң-
ғыртып, өңдеу, ойша өзгерту» деген сөйлемнің мағынасын қалай
таратып түсіндірер едіңдер?
− Қиял адамға ғана тән қасиет пе? Неге?
− Адамның қиялы мен ерік-жігерінде қандай байланыс бо-
луы мүмкін?
− Мәтіннен өздерің қалаған бір сөзді таңдап, оның айтылуы
мен жазылуындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
7-тапсырма. Суретке қарап, «Тәтті қиял» тақырыбына 80–100 сөзден
тұратын шағын мәтін құрап жазыңдар. Мәтінде көп мағыналы, ауыс-
палы мағыналы сөздерді қолданыңдар.
103

