Page 110 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 110

3-тапсырма.  Жұптық  жұмыс.  Тірек  сөздерді  оқыңдар.  Осы  сөздер
                        қамтылған  мәтінде  не  туралы  айтылуы  мүмкін  деп  ойлайсыңдар?
                        Пікірлесіңдер.
                    Тірек сөздер: қиял, таным-түсініктің жаңа деңгейге көтерілуі;
                адам  қажеттігі,  белсенді  әрекет,  шабыт  беру,  күш-жігер,  өмір
                салты,  адам  әрекеті,  танымды  кеңейту,  ойға  ерекше  әсер  ету.
                «Қиял» сөзі мен бірнеше сын есім сөзді тіркестіріп жазыңдар.
                    Үлгі: ұшқыр қиял, ...


                        4-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңдар.


                        5-тапсырма. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жоспар құру үшін
                        төмендегі тақырыптарды ретпен қойып жазыңдар:
                    Қиял және белсенді әрекет.
                    Қиял және бала психологиясы.
                    Қиял және өмір салты.
                    Қиял және шабыт.
                    Қиял және фантастикалық образдар.

                        6-тапсырма. «Фантастикалық образдар» дегенді қалай түсінесіңдер?
                        Өздерің оқыған кітаптан немесе көрген кинодан қандай фантастикалық
                        образдар  есіңде  қалды?  Суреттегі  кейіпкерлер  туралы,  оның  қиял
                        әлемі туралы не білесіңдер?



















                                                 сын есім
                       заттың,  құбылыстың  сын-сипатын:  түсін  (ақ,  қызыл),
                   түрін (ескі, жаңа), көлемін (үлкен, орташа), сапасын (жақсы,
                   жаман), дәмін (ащы, тәтті), салмағын (ауыр, жеңіл), сы-
                   нын (қатты, сусыз) және т.б. белгілерін білдіретін сөз табы
                   сын есім деп аталады. Сын есім сөздер қандай? қай? деген
                   сұрақтарға жауап береді.




             108
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115