Page 107 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 107
4) жекелеген сөз таптарына жататын сөздерге бірдей
қосымшалар жалғанады. Оны сөз табының түрленуі деп
атайды. Мысалы: зат есімдерге көптік, септік, тәуелдік
жалғаулары жалғанса, сын есімдерге шырай жұрнақтары
жалғанады.
Міне, осы төрт белгісіне қарай сөздер тоғыз сөз табына
бөлінеді:
1. зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу
7. Еліктеу сөз
8. Шылау
9. Одағай
8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді былайша
топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушы-
лығы мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты
болады. Мысалы, ыстық күнде салқын суды аңсап шөлдеген
жо лаушының қиялы мен сабаққа дайындалмай келгені үшін
мұ ғалімнің көзіне түспей, құтылып кетуді ойлап отырған оқу-
шының қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың әртүрлі болуы адамның жас және дара ерек-
шеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен,
көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, білімді ересек
адамның қиялы мен енді ғана айналасына көз салып, дүниені
тануға ұмтылған жасөспірімнің қиялын бірдей өлшеп, бағалауға
болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, та -
би ғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жа-
ратылыстың құшағында, – деп жазады М. Жұмабаев, – меруерт
себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде,
Күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп,
алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып-өсетін
қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
(«Адам және әлем» кітабынан)
105

