Page 111 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 111
сын Есім
сын есімнің шырайлары
Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыны, сапасы,
түрі, түсі және т.б. белгілері үнемі біркелкі бола бермейді.
Олардың арасындағы сапалық белгілердің ерекшелігін
білдіру үшін сындық мағынаны білдіретін сөздерге шырай
жұрнақтары жалғанады. Сын есімнің салыстырмалы және
күшейтпелі шырайлары болады.
1. салыстырмалы шырай -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -дау,
-деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы, үлкен – үлкенірек, қызыл – қызылдау.
2. Күшейтпелі шырай:
1) сын есімге күшейткіш буын қосылу арқылы жасала-
ды: үп-үлкен, қып-қызыл;
2) сын есімге күшейткіш сөздердің тіркесуі арқылы жа-
салады: өте үлкен, тым қызыл, аса үлкен, орасан зор.
7-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.
А.П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы аса ұтымды
эпизод енгізген. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға
ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер
етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәп-кәрі
патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы бо-
лыпты. Өзі дәл сен сияқты кіп-кішкентай бала екен. Өзі жақсы
бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі
109

