Page 113 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 113
Адамның бағзы арманы –
Жұлдыздар қайда манағы?
Аспанның лағыл маржаны,
Мұхитқа батып барады.
(Мұқағали Мақатаев)
13-тапсырма. Ұсынылған сөз жүйесінің үлгісін сақтай отырып, ой
бөлісіңдер. «Егер мен ..... болсам. Қиял маған .... үшін керек болар
еді. Себебі ...»
5–6-сабақ
бАлА ҚИял
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Әлемге танымал қандай суретшілерді білесіңдер?
2. Қазақ суретшілерінен кімдерді білесіңдер?
3. Олардың қандай картиналарын көрдіңдер?
4. Қай өнер адамына қиял ерекше әсер етеді деп ойлайсыңдар?
Неге?
2-тапсырма. Төмендегі сөздердің мағынасына жуық келетін сино-
ним сөздерді анықтаңдар: соғыс алапаты, сиясауыт, қылқалам, ын-
тықтық, жобалау, құштарлану, ата буын.
3-тапсырма. Мына суретшілердің қайсысы таныс? Олар туралы,
олардың шығармашылығы жайлы не білесіңдер?
111

