Page 117 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 117
мәз болады. Сол кездегі суретімді қол паштаған мақтаулар сурет
әлеміне деген сенімділігімді нығайтты.
Тіршілік дегенің ағын судай тоқтамайтын асығыс екен ғой?!
«Арманға қалай жетеміз?» деп талпынумен арпалысып жатқан
тіршілік бұл. Мұндай сәттерде ең жақын көмекшің – қиял.
Көргеніңді қиялыңда тірілтіп, көз алдыңда қанатына мінгізіп,
жетелеп отырады», – дейді суретші.
(С. Қасымбектен)
8-тапсырма. Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп
жазыңдар. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолын түсіндіріңдер.
ЕсТЕ сАҚТА! ТуынДы сын Есімнің ЖАсАлуы
Есім сөзден сын есім жасайтын мысалдар:
жұрнақтар:
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті таулы, өнерлі, орманды,
көрікті
-сыз, -сіз ормансыз, еңбексіз,
ағашсыз
-ғы, -гі, -қы, -кі қысқы, төменгі, ішкі,
жазғы
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, балалық, адамдық,
-тік жігіттік, жолдастық
-шыл, -шіл ойшыл, еңбекшіл
-шаң, -шең ашушаң, көйлекшең,
сөзшең
-дай, -дей, -тай, -тей үкідей, жолбарыстай,
баладай
-кер, -гер найзагер, табыскер, әдіскер
-қой, -қор әзілқой, еңбекқор, әуесқой
-паз, -імпаз өнерпаз, жеңімпаз
-и, -ы, -і әдеби, алтайы
9-тапсырма. Тыңдаған және оқыған мәтіндердің мазмұны бойынша
суретшінің бала қиялы туралы қысқаша мәтін жазыңдар. Мәтінге
«Қиял қанатында» деген тақырып қойыңдар. Онда адам өміріндегі
қиялдың күшін, маңызына назар аударыңдар. Мәтінде сапалық
және қатыстық сын есімдерді қолданыңдар. Оларды құрамына қарай
талдаңдар.
10-тапсырма. рөлдік ойын. Мәтін мазмұнына сүйеніп, ата мен баланың
рөлінде диалог құрыңдар. Ата – балалық шағы соғыс кезіне тап келген
буын өкілі. Оның мамандығы – суретші. Қиялдауға қатысты қандай
сұрақ төңірегінде әңгімелесер едіңдер? Диалогте қаратпа, қыстырма
сөздерді ретіне қарай дұрыс қолданыңдар.
115

