Page 122 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 122

9–10-сабақ


                                             нӘТИЖЕ сАбАҚ

                        1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.
                    Шығармашылық қиял деп адам бойындағы өзіндік жаңа об-
                раздар жасау арқылы жаңаша әрекет, жаңа туындылар жасауға
                мүмкіндік  беретін  ерекше  қиялды  айтады.  Жазушының,  су-
                ретшінің,  ғалымның,  композитордың  және  т.б.  қиялы  шығар-
                машылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял қайта жасау
                қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Мысалы, кез келген
                кейіпкердің көркем образдарын жасау, оларды сипаттап жазған
                шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр.
                    Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің,
                әртістердің және т.б. өнер иелерінің іс-әрекеттерінде үл кен орын
                алады.  Олар  өздерінің  идеясын  көркем  образ  арқылы  береді.
                Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін
                «көреді»,  олардың  мінез-құлықтарын  «елестетеді»,  сөзін
                «естиді». Сонымен қатар ақын-жазушылар өз кейіп керлерімен
                бірге  өмір  сүреді,  олардың  ойын,  көңіл  күйін  «сезіп»,  қоян-
                қолтық араласып жүргендей болады.


                        2-тапсырма. рөлдік ойын. Диалог. Мәтіндегі ойдың мазмұнын сақтай
                        отырып,    шығармашылық    қиял  туралы  Шәкірт  пен  Ұстаз  рөлінде
                        пікірлесіңдер.  Диалогте  бір-біріңді  құптау  үшін  төмендегідей    сөз
                        орамдарын қолданыңдар: «Тамаша!», «Қандай ғажап!», «Бәрекелді!»
                        және т.б. Ұсынылған жазба мәтін мен өздерің құраған диалог мәтіні
                        тілінде қандай айырмашылық барына мән беріңдер.

                        3-тапсырма. Төменде берілген үзінді – ақылды Төбет туралы  көркем
                        шығарманың   соңы. Осы  үзіндідегі    Төбет пен  жетекші  қасқырдың
                        әрекетінің сырын шешу үшін осыған дейін болуы мүмкін  оқиғаны
                        өз  қиялдарыңмен  болжап,  шағын  әңгіме  етіп  жазыңдар.  Ол  үшін
                        шығарма  оқиғасының  желісін  алдын  ала  жоспар  түрінде  жазып
                        алыңдар.  Шығармада  сын  есімнің  түрлерін  қолданыңдар.  Олардың
                        ойды көркемдеп жеткізудегі рөліне мән беріңдер.
                    Сынып «Ең үздік шығарма» аталымының иегерін анықтасын.
                Бағалау критерийлері:
                    1) оқиғалар арасындағы логикалық байланыстың болуы – 3
                ұпай;
                    2) тіл көркемдігі – 2 ұпай;




             120
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127