Page 123 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 123
3) шығармашылық қиялдың деңгейі – 5 ұпай.
Барлығы: 10 ұпай.
... Түнде ақсақал ұйықтап кетті. Аспанда ай шықты. Кәрі
Төбет ауырлап тұрып, өзен жаққа бет алды. Өзен тыныш ағып
жатты, тек түскен ай сәулесінен оның беті қатарлап жүзген
күміс балықтарша жылтырап жатты.
Төбет суға түсті де, кішкене тұрған соң, ағынға қарсы бет
бұрды. Ол бірнеше рет тастарға сүрініп, басынан аса суға кірсе
де, қайта күшін жинап тұрып, ары қарай жүзе берді. Өзен
жағалаулары жарға айналып, әр жерде көлеңкелер пайда бола
бастады. Ол басын көтергенде, өзіне қарап тұрған үш қасқырды
көрді. Ай жарығында ірі жетекші қасқырдың таныс сары көздері
төбетке қарап тұр еді. Оның жанындағы қасқырлар сілекейлерін
жұтып, ұли бастады. Бірақ жетекшінің ырылы оларды орнынан
қозғалтпады.
Төбет басын төмен салып, аз қалған жолын жалғады. Төмендеу
жағалауға жеткен соң, ол суық өзеннен жағаға шықты. Үстіндегі
судан сілкінбей, артына бұрылып қарады. Қасқырлардың
кеткенін көріп, ол асықпай үлкен тастың артына кіріп жоқ бол-
ды. Бұдан былай оны ешкім көрген жоқ.
4-тапсырма. «салыстыру». Бір-біріңнің шығармашылық қиял да рың-
ның туынды авторының ойымен қаншалықты үндесетінін білу үшін
тө менде көрсетілген сайтты http://tobet.kz/kaz/history_nun_na_kaz.
html ашып оқыңдар, салыстырыңдар.
5-тапсырма. Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша жинақтаған білім де-
ріңді тексеру үшін берілген үлгі бойынша 5 тест тапсырмасын құ раң-
дар. Тапсырманы өзара алмасып, жауап беріңдер.
Үлгі: 1. Қарындаш пен фотосуретті біріктіріп сурет салатын
автор кім?
121

