Page 128 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 128

Міндеттеу  белгілері  бір  бағытта  немесе  көліктің  белгілі
                бір  түріне  ғана  жүруге  рұқсат  етілетіндігін  көрсетеді.  Солға
                бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді.
                Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не
                тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
                    ііі.  Ақпараттық-көрсеткіш  белгілер  қозғалыстың  белгілі
                бір  режимдерін  енгізеді  немесе  күшін  жояды,  сондай-ақ  елді
                мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабар-
                лайды.  Олардың  өлшемдері,  пішіндері  мен  түстері  әртүрлі  бо-
                лып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан
                әртүрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары ту-
                ралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып,
                жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында
                нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы
                саны – 12.
                    Қосымша  ақпараттық  белгілер  (тақташалар)  бірге  қол-
                данылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған.
                Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ор-
                тасына  қосымша  ақпараттардың  шартты  белгілері  келтіріледі.
                Жол  белгілері  жолдың  (жүріс  бағыты  бойынша)  оң  жағына
                биіктеу  бағанаға  немесе  жолдың  үстіне  биіктетіп  орналасты-
                рылады.  Олар  100  м  қашықтықтан  анық  көрінетіндей  болып
                жарықтандырылады.  Жол  белгілері  мемлекеттік  автомобиль
                инспек циясының келісімімен орнатылады.

                        8-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, оларды мағыналық  түріне
                        және жасалу сипатына қарай анықтаңдар.

                        9-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқып, жағдаяттарды анықтаңдар.
                        Сол жерде болуы тиіс жол белгілерінің суретін салыңдар немесе не
                        істеу  ке ректігін  айтыңдар.  Жауаптарыңда  заттанған  сын  есімдерді
                        қолданыңдар.
                    1.  Жүріп  келе  жатқан  машинаның  алдынан  өтіп  кетемін
                деуші болма, ол өте қауіпті! Осындай жерде қандай жол белгісі
                тұруы керек?
                    2.  Мектепке  келе  жатқанда  үлкен  жолдың  шетімен  жүр.
                Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның
                қасынан абайлап өт. Жолдың қай жағымен жүресің?
                    3. Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп-тұруына кедергі
                келтіреді.
                    Көше тәртібіне не жатады?
                    4.  Мектепке  келе  жатқанда,  өзіңе  қауіпсіз  болатын  жолды
                таңдай біл. Өзің қай жолмен және  не үшін жүресің?



             126
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133