Page 129 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 129
10-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жа-
зыңдар. Жазғандарыңды оқыңдар. Қате кеткен болса, тү-
зетіңдер.
1) Көшеден өтерде әуелі .....(қай?) жағыңа, көшенің орта
тұсына жеткенде .....(қай?) жағыңа қара. Егер көлік келе
жатса, өтіп кеткенше сол орныңда (қайда?)..... тұста күте тұр.
2) Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің ........
(қай?) жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машина-
ны дер кезінде көресің. 3) Тротуармен келе жатып, қақпадан
көрінген машинаны байқасаң, ... (не істеп?) жіберуің керек.
4) Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, маши-
на .....(несін?) ашып қалуы мүмкін. 5) Жол үстінде ойнама, ....
(не?) теппе. Жер тайғақ болса, .... (қайда?) абайлап жүр.
11-тапсырма. Топтық жұмыс. «Айтыс». Жол белгілерінің түрлері
(мысалы: «Ескерту белгілері») бойынша сынып оқушылары жеті
топқа бірігіңдер. Жоғарыдағы мәтін мазмұнына сүйеніп және қосым-
ша қайнаркөздерді пайдаланып, жол белгілері туралы мате риал
жинаңдар. Өз топтарыңа тиесілі жол белгісінің ұтымды, маңызды
жақтарын дәлелдеп, орайына қарай басқа жол белгілерінің кемшілік
жағын «тауып» пікірталас өткізіңдер. Айтыста заттанған сын есімдерді
қолданыңдар. Сыныптан әділқазылар алқасы сайланып, топтардың
айтысын бағаласын.
12-тапсырма. Қайнаркөздерден жолға, жол ережелеріне қатысты
құра мында заттанған сын есімдер бар жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді
та уып жазыңдар. Ойды білдіруде сын есімдердің атқарып тұрған
қызметін өз сөз деріңмен таратып айтыңдар.
Үлгі : Қызылы «тұр» дейді, сарысы «аялда», жасылы
«жүр» дейді.
13-тапсырма. «броундық қозғалыс». «Жол белгілерін бі ле міз бе?»
тақы рыбы несімен есіңде қалды? Сыныпты аралап қай тапсырмалардың
қызықты, пайдалы болғаны туралы мәлімет жинаң дар, өз ойларыңды
қорытып айтыңдар. Сын есімдерді көбірек қолданыңдар. Қандай зат
есім сөздерді қолданғаныңды айт.
127

