Page 101 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 101
ол үлкен әдебиетші болып сөйлеген-ді. Міне, енді жай ғана ән
салғанын есіттім.
Қаныш жалғыз ғылымға ғана емес, әдебиетімізге де болы-
сушы, қолма-қол жәрдемдесуші еді. Мұхтар Әуезовтің «Абай»
романы шыққанда қандай қуанғаны, қандай ірі сөздер айтқаны
бәріміздің есімізде.
(Әбділда Тәжібаев)
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтіндегі негізгі ой мен қосымша ой нені білдіреді?
2. Оқиға қай жерде орын алды?
3. Мәтін мазмұны арқылы қандай адаммен таныстыңдар?
4. Қаныш Сәтбаевты кім деп білетін едіңдер? Мәтінді
оқығаннан кейін ғалымның қандай қырларын білдіңдер?
5. Қаныш атаны жан-жақты адам деп бағалауға бола ма?
6-тапсырма. Мәтін мазмұнында баяндалған Орысбайға мінездеме
беріңдер.
Орысбай – ой-ділі мен жан байлығы жөнінен қариялық дәс-
түр ғасырларынан бөлініп жарылып, аман сақталып қалған жұр-
нақ.
Жиырмадағы бозбаланың қиял-құлшынысы мен асау әрекеті
қырықтағы Орысбайдың бойынан мол табылатын.
Спортшы Орысбайды көргенде көне грек қаһарманы Герку-
лес осындай-ақ болған шығар деп ойлайтынбыз.
Орысбай – ақын, бәріне таңғалып қараудан әлі бір рет танған
емес. Бір замандасы: «Орысбай – тұнған фольклор», – дейді.
Енді оған «әулие» дегенді қосақтап айтатындар шығып жүр.
Орысбайдың қойшылар өмірі туралы жазған тарауларын
оқып отырғанда, өзіңді оның алдында біртүрлі сезінесің. Егер
Орысбай журналист-жазушылықты қаламағанда, тәуір шо-
пан болып шығатынына бек сенімді. Ит жүгіртіп, құс салып,
саятшылық өмірге еркінше ден қоятын еді. Өйткені оның жан
дүниесі – тұнып тұрған романтика.
(«Zаман Қазақстан» газеті, 12 наурыз 1999 ж.)
7-тапсырма. Мінездеме үшін мына сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Орысбайдың мамандығы кім? Хоббиі не? Мәтін мазмұнынан
айырып көріңдер. Оны қандай жолдар дәлелдейді?
99

