Page 96 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 96

3-тапсырма. Хоббидің пайдасы туралы кластер түзіңдер. Ойларыңды
                        дәлелдеп жазыңдар.









                                                 Хоббидің
                                                  пайдасы









                        4-тапсырма.  «Кімнің  жады  мықты?»  Топқа  бірігіңдер,  тыңдалым
                        мәтінін бөліктерге  бөліп оқыңдар. Әркім өзінің оқыған бөлігі бойын-
                        ша  түсінгенін  айтсын.  Қай  топтың  оқушылары  мәтіндегі  ауыспалы
                        мағыналы сөздерді сақтап сөйлесе, сол топ жеңеді.


                        5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды естеріңе сақтаңдар.

                                                   сұхбат
                    Ә. Сығай:
                    – Дулат, асыл тас жинамайсыз, оттық жинамайсыз, муштук
                жинамайсыз. Марка жинамайсыз. Осы сіздің хоббиіңіз не?
                    Д. Исабеков:
                    – О, сен біздің үйдегі шахматты көрмеген екенсің ғой. Өт-
                кен де «Хабар» телеарнасынан көрсеткені – қалған-құтқаны. Он -
                шақ  тысын  ғана  қалдырып,  қалғанын  елге  таратып  жібердім.
                Өйткені, үйге сыймай кетті. Санкт-Петербургтен кеше әкелген
                шахматым  бар.  Якутиядан  біреуін  әкелдім.  Әнеугүні  Иранға
                барғанымда  мақтап-мақтап  біреуін  сатқан,  әкелсем,  жай  ғана
                шахмат.
                    Ә. Сығай:
                    – Нұрғали, ал енді өз қолыңыздан жайқалтып бір бау егіпті
                деп естігенбіз. Қалай, жайқалып келе ме?
                    Н. Нүсіпжанов:
                    –  Иә,  еккенім  өсіп  тұр.  Екі  мыңыншы  жылы  он  гектар
                жерді алып, елім-ауылым үшін деп бастап кетіп едім. Еккенім
                декоративті, табиғатта сирек кездесетін ағаштар еді. Ауылға сән





              94
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101