Page 91 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 91
6-тапсырма. Төмендегі туынды сөздердің қандай жолдармен
жасалғанын көршіңе түсіндіріп, қайтадан жазғызып көріңдер.
Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, тұрғынжайлық
ықшамаудандар, сән түзеген, Бәйтерек мұнарасы, ЮНЕСКО-
ның, мұражайлардың, кітапханалардың, ғылыми-зерттеу инс-
титуттарының, «Медеу» мұз айдыны, телемұнара, Көктөбе, көз
сүйіндіре, Талас Алатауының, Ақсу-Жабағылы.
7-тапсырма. «Бос уақытта саяхаттау пайдалы» ойынын ойнаңдар.
Сұрақтар дайындалады. Ойынның жүрісі сұрақ нөмірі бойынша бо-
лады. Сұраққа жауап бере алмағандар 2 мәрте досының жәрдемдесуін
сұрай алады. Кімде-кім сұ рақ тардың бәріне дұрыс жауап берсе, сол
жеңеді.
8-тапсырма. Сен қандай мамандық иесі болсаң да, туризм ісімен хоб-
би ретінде айналысар ма едің? «Дербес пікір» жазу тәсілін қолданып,
мәтін мазмұны бойынша пікірлеріңді жазыңдар (уақыт мөлшері: 7–8
минут).
1. Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.
2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлемнен
тұру керек.
6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.
9-тапсырма. Диалогтегі ойға тірек болған саябақты суреттеп жа зың дар.
− Мен бір ғаламат саябақты білемін, – деді Балапан-Бүркіт, –
онда бар бол ғаны бірнеше минут ішінде күллі Қазақстан жерімен
керемет жә не қайталанбас саяхат жасауға болады.
− Бұл саябақ қайда орналасқан? – деп сұрады Ботақан.
− Қазақстанның Елордасы – Астана қаласындағы «Атамекен»
этно мемориалдық саябағы деп аталады.
10-тапсырма. Саябақ аралауға кеткен уақытыңды босқа кеткен уақыт
деу ге бола ма? «ПОПС» формуласын қолданып, өз пікірлеріңді дә-
лелдеңдер.
бірінші сөйлем. «Менің ойымша....».
Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны .... деп түсіндіремін».
Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдар-
мен дәлелдей аламын».
соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге
келдім».
89

