Page 90 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 90

зерттеу институттарының, мектептер мен спорт кешендерінің ең
                көп шоғырланған қаласы – осы Алматы. Тау биігінен орын теп-
                кен «Медеу» мұз айдынын Қазақстан аумағынан алыс жатқан
                ел-жұрттар да жақсы біледі. Қазақстандағы ең биік телемұнара
                да  осында.  Ол  Көктөбе  төбесінен,  аспанмен  таласып,  қаланың
                кез келген нүктесінен көз сүйіндіре көрініп тұр.
                    Талас  Алатауының  етегінде  еліміздің  байырғы  қорық та-
                рының  бірі  –  Ақсу-Жабағылы  бар.  Бұл  қорық  1926  жылы
                ұйымдастырылған. Мұнда тек аң-құстар ғана емес, шөптер де,
                гүл дер  де  қорғалады.  Ақсу-Жабағылының  эмблемасы  ретінде
                гүл  таңдап  алынған.  Өте  сирек  гүл,  бұл  –  Грейг  жауқазыны.
                Бұл  қыз ғалдаққа  өзін  тұңғыш  зерттеген  ғалымның  аты-жөні
                берілген.  Қорықтың мақтанышы – алма ағаштар өскен тоғайлар.
                Мұнда оның 20 шақты сорты өседі. Олардың бәрі әйгілі Алматы
                апорты шығарылған Сиверс алма ағашының ең жақын туыстары
                болып табылады.
                                         («Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабынан)

                        5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                    1. Қазақстан қалаларына саяхат жасауды сүйікті ісіңе айнал-
                дырар ма едің?
                    2. Астана қаласы азғана уақытта қалай көркейіпті?
                    3. Әрбір саяхатшы Алматыны көруді неліктен армандайды?
                    4. Бос уақытыңда Ақсу-Жабағылы қорығына барғың келе ме?


































              88
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95