Page 86 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 86

4-тапсырма.  Абайдың  «Ғылым  таппай  мақтанба»  өлеңін  жатқа
                        айтыңдар. Өлең мәтініндегі негізгі ой «Адам болам десең, уақытыңды
                        босқа  өткізбе»  деген  идеяны  ақын  қандай  сөз  қолданыстарымен
                        жеткізеді? Өлеңдегі синонимдер мен антонимдерді теріп жазыңдар.
                        5-тапсырма.  Төмендегі  өлең  үзіндісін  пайдаланып,  өзіңнің  өмірлік
                        мақ сатың туралы мәтін құрастыр. Мәтінде қандай дауысты және да-
                        уыссыз дыбыстардың жиі қолданылып тұрғанын ескер.
                                  Шығамын тірі болсам, адам болып,
                                  Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
                                  Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
                                  Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
                                                               (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
                        6-тапсырма. «Уақытты тиімді пайдалану» деген тақырыпта жұп бо-
                        лып диалог құрастырыңдар.
                    −   Уақытты тиімді өткізу деген  не?
                    −
                    −  Сабаққа дайындалуға қанша уақыт кетеді?
                    −
                    −  Бос уақыттарыңда немен айналысқанды жақсы көресің?
                    −
                    −  Көңіліңнің қалауы кітап па, ғаламтор ма?
                    −
                    −  Компьютерді шамадан тыс пайдаланасың ба?
                    −
                    −  Әлеуметтік желідегі қызықтар сенің уақытыңды көп ала ма?
                    −
                    −  Компьютердің алдында ұзақ отырудың зиянын білесің бе?
                    −
                    −  Сен табиғат аясында демалғанды ұнатпайсың ба?
                    −
                    −  Спорттың қай түрін ұнатасың?
                    −


                        7-тапсырма. Қазақтың өмірлік қағидасына айналған «Жеті жұрттың
                        тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген мақалын қалай түсінгендеріңді
                        «Төрт сөй лем» тәсілін пайдаланып жазыңдар.
                    Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
                    Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
                    мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
                    Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.




              84
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91