Page 82 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 82
8-тапсырма. Төмендегідей және өздерің білетін жыр жолдарын сіл-
теме етіп алып, «Жан-жануарлар – ақындардың жыр жолдарын-
да» деген атпен эссе жазыңдар. Эссенің кіріспесі, негізгі бөлімі мен
қорытындысы болсын.
Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз. (Шалкиіз жырау)
Қомын кессең, былқ етпес,
Бекпатша қызыл нар еді. (Н. Ахметбеков)
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн. (Махамбет ақын)
Арғымақ аттың баласы
аз оттап, көп жусайды. (Махамбет ақын)
9-тапсырма. Ертегінің жалғасын http: //balalaralemi.kz/
article/2994/Alyp-qara-qus---Samuryq.V Cikyil 02w сайтынан
тауып оқып, мазмұндаңдар. Қарамен жазылған жолдардағы
төлеу сөзді төл сөзге айналдырып жазып, тыныс белгілерін
қойыңдар.
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар
екен. Ең үлкенінің аты – Асан, ортаншысының аты – Үсен, ал
ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды,
батыр, ақкөңіл бала болып өседі.
Патша ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бір ғажайып құс
көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыла-
са, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы
құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрып, Асан мен Үсенді
шақырып алып, осы құсты тауып әкелуін бұйырады. Әкесінен
қорыққан Асан мен Үсен қайдан да болса тауып әкелетінін ай-
тып, жолға шығады.
10-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Ізденіп, толықтырамыз. Өзде-
рің жазған сөздерді тұлғасына қарай ажыратыңдар.
1. Аңдардың аттары: (ақбөкен, ..., ..., ...)
2. Құстардың аттары: (аққу, ..., ..., ..., ...)
3. Жәндіктердің аттары: (сарышұнақ, ..., ..., ..., ...)
4. Балықтардың аттары: (көксерке, ..., ..., ...)
5. Өсімдіктердің аттары: (итмұрын, ..., ..., ...,)
80

