Page 78 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 78
9-тапсырма. Түс жоруға қатысты сөйлемдердегі қарамен жазылған
сөздердің синонимін, антонимін тауып, жазып көріңдер. Сөйлемнің
мағынасы өзгерді ме?
Түсінде көгершін көрсе, жағдайы жақсарады.
Түсінде қараторғайды көрсе, қуанышқа кенеледі.
Түсінде үйрек көрсе, мұқтаждықтан құтылады.
Түсінде қыран құсты көрсе, дәрежесі жоғарылайды.
Түсінде самұрық құсты көрсе, байлығы артады.
10-тапсырма. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді пайдаланып, «Дә-
рі лік өсімдіктер» тақырыбына диалог құрыңдар.
Үлгі:
− Сәрсен, алтын тамырдың емдік қасиетін білесің бе?
− Ой, оны кім білмейді? Алтын тамырдың құрамындағы
экст ракт ағзаның дене жұмысын, шыдамдылығын арттыра-
ды, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы
жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын
реттейді.
11-тапсырма. «Ағаштар». Сөзжұмбақ құрастырыңдар.
1. Жібек көбелегінің дернесілдерімен (личинкаларымен) қо-
рек тенетін ағаш (3 әріп).
2. Балға ерекше хош иіс беретін ағаш (4 әріп).
3. «Мәңгіліктің символы» деп аталатын ағаш (4 әріп).
4. Шарын өзенінің бойында табиғи ескерткіш ретінде сақ тал-
ған ағаш (5 әріп).
5. Жемісі – қосқантты ағаш (6 әріп).
6. Аққайыңның қабығына ақ түс беретін бояғыш зат (7 әріп).
7. Күй талғамай кез келген жерде өсетін ағаш (7 әріп).
8. Гүлшоғырлары бұтаққа орнатқан майшам тәрізді ағаш (8
әріп).
9. Сіріңке жасайтын ағаш (8 әріп).
10. Дүниежүзіндегі ең биік ағаш (8 әріп). Бұл ағаштың діңі
болады.
12-тапсырма. Төмендегі мәтінді негізге ала отырып, «Өсімдіктердің
адам затқа пайдасы» деген тақырыпта эссе жазыңдар. Эсседе сезіміңді
білдіретін эмоционалды сөздер болсын.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрық-
ша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, та-
нып біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азық-
76

