Page 79 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 79
қа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге,
түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегін бө луші,
табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
(«Жануарлар әлемі». Балалар энциклопедиясы)
9–10-сабақ
нӘТИЖЕ сАбАҚ
ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР – ХАЛЫҚ АУзЫНДА
1. Жануарларға қатысты ертегілерді білесіңдер ме?
2. Жануарлар мен өсімдіктерге қатысты жұмбақтарда не жасырынып жа-
тыр?
1-тапсырма. Мәтінді оқушының мәнерлеп оқуынан тыңдаңдар. Мәтінді
оқу барысында үндестік заңының сақталуына талдау жасаңдар.
Жануарлар, хайуанаттар туралы ертегілер – ертегінің көне за-
мандағы аңыздар мен әртүрлі тұрмыстық, аңшылық әңгі мелердің
негізінде пайда болған. Кейінгі замандарда адам дардың мінезін,
олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде
жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсеткен. Мұнда
хайуанаттардың сыртқы пішініндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-
құлқындағы бір ерекшелігі адамдардың кейбір мінезін білдіруге
қолданылған. Мысалы, түлкі – аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу,
қасқыр мен жолбарыс – адуынды озбыр, қара күш иесі, аю –
икемсіз, қарабайыр, т.б. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жа-
нуарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар,
мінездері де шебер сомдалады.
Классикалық жануарлар туралы ертегілердің құрылымы
он ша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы
кез десулер мен қақтығыстарға құрылады. Олардың үлгілері
– «Қотыр торғай», «Кім неден күшті», т.б. ертегілер. Мұндай
мы сал-ертегілерде баяндау белгілі бір моральдық қағида мен
тұ жы рымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағ-
дайда нақылмен аяқталады.
Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі то-
темдік сенімдерімен байланысты пайда болған.
(«Уикипедия – ашық энциклопедиясынан»)
77

