Page 80 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 80

2-тапсырма.  Тыңдалым  мәтініндегі  аңдарға  берілген  мінездемеде
                          синонимдер кездеседі. Сол синонимдерді алып тастап айтып көріңдер.
                        Нені байқадыңдар?


                        3-тапсырма.  «Дербес  пікір»  жазу  тәсілін  қолданып,  мәтін  мазмұны
                        бо йынша пікірлеріңді жазыңдар (уақыт мөлшері: 7–8 минут).

                    1. Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем.
                    2. Дәлел – екі сөйлеммен келтіру керек.
                    3. Өз пікірін айғақтайтын мысал – екі сөйлем.
                    4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем.
                    5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал – екі сөйлемнен
                тұру керек.
                    6. Қорытынды – екі сөйлемнен тұрады.


                        4-тапсырма.  Жұмбақтардың  шешуінде  жасырынған  затқа  тән  сыр-
                        сипатты анықтаңдар. Шешуі болатын сөздерде дыбыс және буын үн-
                        дестігі сақталып тұр ма?

                             Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
                             Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
                             Өзінің тілі бар да, тістері жоқ,
                             Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.

                             Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын.
                             Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.

                             Кішкене ғана түйме тас,
                             Атан түйе тарта алмас.

                             Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,
                             Күнінде бір отырмас дамыл алып.
                             Өзінен ауыр жүкті көтереді,
                             Үйінде жатып жейді рақаттанып.

                             Бір ағашта қырық бұтақ,
                             Қырық бұтақта қырық ұя.
                             Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
                             Қырық жұмыртқада қырық балапан.


                    шешулері: кене, құмырсқа, бүркіт, жарғанат, бидайдың басы.





              78
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85