Page 84 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 84
5-тақырып бОс уАҚыТ ЖӘнЕ хОббИ
1–2-сабақ
уАҚыТ АлҒА ЖЕТЕлЕйДі
1. «Өмір адамға бір-ақ рет беріледі» деген сөз қолданысын жиі естисің
бе?
2. Бос уақытты қалай өткізсем екен деп ойланып көрдің бе?
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мектеп бітіргелі жатқан жа сөс пі-
рім нің сө зін дегі «уақыт» ұғымына қатысты ойларды таратып түсін-
діріңдер.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды анықтаңдар.
бос уақыт – тұлғаның жеке физикалық рухани және әле у мет-
тік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыс тан тыс
уақыт бөлігі.
бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады?
Көпшілік қауым қолы қалт еткен кезді, яғни бос уақытын
қалай өткізуді білмей жатады. Психолог-ғалымдардың айтуы
бойынша, адам бос уақытын өзі қадағалап, оны қалай өткізу
керектігін өзі шешуі қажет. «Немен айналысуға болады?!» деген
сұраққа психолог-мамандар: «Жаныңызға жай сыйлайтын ермек
іс (хобби) тауып алыңыз» деп жауап айтып, кеңес береді. Ал
сол ермек істі қалай табуға болады? Ермек істер әртүрлі болып
келеді. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана
емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта
қандай ермек іспен айналысуға болады?!
Қолөнер. Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма
тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді
жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ
кесте тігу, сурет салу, экибана жа сау,
бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айна-
лысуға болады.
Гүл өсіру. Көп жандар бос уақытын
бау-бақшада өткізеді. Әрине, жер үйде
82

