Page 88 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 88

тартып  кетуді  армандайтын.  Сондықтан
                                         да  ол  таңның  атысынан  күннің  батысына
                                         дейін түрлі кітаптар оқитын еді. Ол тарих
                                         пен  география  туралы  кітаптарды  мектеп
                                         кітапханасынан  тауып  алатын.  Сонымен
                                         қатар,  оның  Құлыншақ-Тұлпар,  Балапан-
                                         Бүркіт, Бала-Барыс сияқты өте сенімді дос-
                                         тары бар еді. Ол достарын қасынан, арман-
                                         қиялынан еш уақытта қалдырмайтын.
                                             Егер сен, жас дос, Қазақстан деп атала-
                                         тын елге саяхат жасау ды ойға алып жүрген
                                         болсаң, сәт сапар!
                                             Достар  шағын  керуен  боп  тізіліп,  соқ-
                                         пақпен  сергек  басып  келеді.  Олар  шоқы
                                         үстіне  шыққанда  жолдың  үлкен  жартасқа
                                         тірелгенін көрді. Жартас беті ыстық күнге
                күйіп,  қап-қара  боп  кетіпті.  Сонау  күнге  тотыққан  тас  бетіне
                аспандата  көтеріп  ту  ұстаған  салт  атты  суреті  салынған  екен.
                Құдды тірі бейне тәрізді шауып барады. Суретті темір қашаумен
                тасқа ойып түсірген. Бұл Алматы облысының Тамғалы тастағы
                сурет еді. Жартастардағы мұндай суретті петроглиф деп атайды.
                Гректің петра – жартас және глиф – ойып салу деген сөздерінің
                қосындысынан  шыққан  атау.  Олар  біздің  елімізде  өте  көп.
                Кейбір құздардан ұзыннан-ұзақ шұбатылған тұтас сурет галерея-
                ларын  табасың.  Ондай  жерлерде  бірнеше  мыңдаған  сурет  бар.
                Мәселен, Талдықорған маңындағы Ешкіөлмес тауында, Қаратау
                қойнауларында,  Шығыс  Қазақстанның  Қалба  тауында  сондай
                га лереялар жеткілікті.
                                         («Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабынан)


                        2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                    1. Мәтінде қандай ой айтылған?
                    2. Кейіпкерлер бос уақытында қайда саяхат жасауды ұнатады
                екен?
                    3. Олар саяхаттап қайда барды? Не көрді?
                    4. Адамдар суретті қайда салған? Қалай салған?
                    5. Петроглиф дегеніміз не?
                    6. Суретті жазу Қазақстанның қай жерлерінде бар?










              86
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93