Page 87 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 87

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. Қазақ қауы мы-
        ның ертедегі салт-дәстүрінде жұртқа басшылық етуші, ел билеуші
        адамға жеті жұрттың  тілін білуді және оған қоса қылыш шабу,
        найза шаншу, садақ ату, суда жүзу, жазу жазу және билік айта
        білу сияқты жеті түрлі білім білуді, яғни әр алуан өнерді игеру
        талап етілетін болған. Бара-бара бұл талап саналы ер-азаматтың
        баршасына бағышталған өсиетке айналған.
                                                                   (Әбдуали Қайдар)
                8-тапсырма.  Оқылым  және  тыңдалым  мәтініндегі  негізгі  ойларды
                өзің нің  демалысыңа,  денсаулығыңды  арттыруға    қалай  пайда ла на-
                тыңды айтып, ой бөлісіңдер.

                9-тапсырма.  Ойбөлісте  дыбыстар  үндестігін,  ықпал  заңын  сақтаған-
                сақтамағандарыңды бағалаңдар.


                      10-тапсырма.  «Бес  саусақ»  тәсілі  арқылы  сұрақтарға  жауап
                       жа зыңдар.
            бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе
        қандай болды?
            балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
        жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
            Ортан терек – ойлану.  Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе
        алдым?
            шылдыр  шүмек  –  шынайылық.  Сабақ  маған  ұнады  ма?
        Неліктен?
            Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
        қалай сезіндім?

                                         3–4-сабақ

                       бОс уАҚыТТА сАяхАТТАу ПАйДАлы




            1. Бос уақытыңда саяхатқа шығуды мақсат етесің бе?
            2. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесің?

                1-тапсырма.  Мәтінді  мұғалімнің  мәнерлеп  оқуынан  тыңдаңдар.  Қос
                сөздер  мен  біріккен  сөздердің  арасындағы  дыбыстардың  үндестігін
                сақтап оқығанына талдау жасаңдар.
            Көгілдір  өзен  жағасында,  жап-жасыл  көкорай  шалғында
        Ақботақан  өмір  сүрген  екен.  Барлық  балалар  сияқты  ол  да
        қиялдағанды жақсы көретін. Ол күндердің бір күнінде саяхатқа




                                                                                    85
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92