Page 93 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 93

2. Спортты жақсы көру оның сабағына кері әсерін тигізді ме?
            3. Мектеп  оқушыларының  спортты  жақсы  көруіне  кімнің
        әсері болды?


























                3-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі төл сөз бен автор сөзінің  тыныс
                белгілерін дұрыс қойып жазыңдар.


                4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

            Әшірбек Сығай:
            −  Сізді самбоның шебері деп естідік.
            Кәкімбек Салықов:
            – Ауылда өстік. Ауылда не бар? Доп ойнаймыз. Онда резин-
        ке доп та жоқ. Жүннен домалақтап өзіміз жасап аламыз. Сосын
        күрес, ауланы ала шаң қылып күнде күш сынасамыз. Басқа ер-
        мек жоқ. Мәскеуде жүрміз. Бір күні өзен жағасында демалып
        отырсам бір жігіт келді. «Күресесің бе?» – деді. Күрестік. Алып
        ұрдым. Күлді де, «қайта күресейік» деді. Тағы жығып кеттім.
        Тағы деп тұр.
            Мен: «Қазақ бір-ақ рет күреседі. Енді сенімен кү респеймін», –
        дедім. Сөйтсем ол – қырғыз жігіті. Мәскеудің чем пионы, бірінші
        разряды бар екен.
            Ол:  «Қалай  жығып  кеттің?»  –  дейді.  Мен  қайдан  білейін.
        Кешке үйге келді. Тағы күресейік деп тұр. Төсекке алып ұрдым
        да:  «Енді  сен  күрескенді  қой»,  –  дедім.    Самбодан  Мәскеудің
        маңдайына басқан чемпионы. Ертеңіне мені институттың дене-
        шынықтыру  кабинетіне  шақырды.  «Дәулетовті  жеңгенің  рас
        па?» – дейді. Сосын мені стипендияма он бес пайыз үстеме төлеп,





                                                                                    91
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98