Page 94 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 94

самбоға алды. Әуелі институттың, келесі жылы Мәскеудің чем-
                пионы болдым.
                                                                            (Әшірбек Сығай)
                        5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

                    1. Диалогке түскен кімдер? Кәкімбек Салықовтың кім екенін
                біліп алыңдар.
                    2. Самбо – қандай спорттық ойын?
                    3. К. Салықовтың танылуына қандай жағдай көмектесті?
                    4. Төл сөздің тыныс белгілері дұрыс қойылған ба?


                        6-тапсырма. Спорттың қандай түрлері біздің елімізде дамығандығын,
                        соның қай түріне қатысатындарыңды айтып, ой бөлісіңдер.


                        7-тапсырма.  Таныстарың  немесе  өздерің  қандай  ұлттық  ойындарды
                        ойнайсыңдар? Олардың қызықтары жайлы әңгіме жазыңдар. Әңгімеге
                        қыстырма,  одағай  сөздерді  қатыстырып,  тыныс  белгілерін  дұрыс
                        қойыңдар.

                        8-тапсырма.  Қызығушылық  танытқан  достарыңа  «Тоғыз  құмалақ»
                        ойыны ның өткізілетіндігі  жайында хабарлама  жаз. Онда  ойынның
                        ережелері қам тылсын.

                        9-тапсырма. Мәтінді диалогке айналдырыңдар. Сұрақты жұбыңа  өзің
                        дайында.

                    Адамдар неге спортпен айналысады? Себебі спорт адамдарға
                қуаныш сыйлайды. Өзің ойлашы, кез келген жарысқа қатысып,
                жеңіп  шықсаң  қандай  қуаныш!  Сонымен  бірге  спортпен
                айналысқан  адам  сымбатты,  қайратты  әрі  денсаулығы  мықты
                болады.
                    Спорттың қанша түрі бар? Әркім өз қалаған спорт түрімен
                айналыса  алады.  Спорттың  футбол,  хоккей,  регби,  баскет-
                бол сияқты командалық түрі бар. Сол сияқты екі не төрт адам
                қатысатын үстел теннисі, сквош сияқты спорттық ойындар да
                болады. Жеке бәсекеге түсетін спорт түрлері де көп. Айталық,
                суда жүзу, жеңіл атлетика, гимнастика, садақ ату сияқты спорт
                түрінде спортшылар өзара сайысқа түседі.
                    Шындығында,  спорт  жарыстарына  қатысу  тек  қана  жеңіп
                шығу  емес  екенін  есіңнен  шығарма.  Спорт  бізге  адамдармен
                жақсы танысып, достасуға да мүмкіндік береді.

                                          («Қазақстан елімен сиқырлы сяхат» кітабынан)





              92
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99