Page 99 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 99

бірге отырудың өзі ғанибет емес пе? Мен, жалпы, еңбекақымды
        көңілді  отырысқа  жұмсағанды  ұнатамын.  Мен,  жалпы,  кедей
        адамдардың қатарына жатпаймын. Саяжайым да жоқ. Мен ақша
        жинауды білмеймін. Бүгінгі күнмен өмір сүремін.
            – Коллекция жинайсыз ба?
            – Неге жинамаймын, коллекция жинаумен баяғыдан айна-
        лысамын.  Өзім  болған  шетелдерден  әртүрлі  заттарды,  әсіресе,
        діни бұйымдарды көбірек әкелемін. Қазір олардың саны жүзге
        жетті.
            – Сапарға көп шығасыз ба?
            – Өте көп. АҚШ, Англия, ТМД елдерінде көп боламын. Осы-
        дан бірер жыл бұрын Грузияның Қазақстандағы мәдениеті мен
        өнері күндеріне қатыстым. Жұрт ыстық ықыласпен қарсы алды.
        Қазақ  қонақжай  халық  екен.  Меніңше,  грузиндер  мен  қазақ-
        тардың  әдет-ғұрпында,  мінез-құлқында  ұқсастық  бар  сияқты.
        Олар да, біз де сауықты, ән-жырды ұнатамыз. Көңілді жүргенді
        қалаймыз. Дүние жинамаймыз.

                                  (Қасымхан Бегманов. Мұстафа Шоқай жолымен)

                2-тапсырма. Сұрақтарға жауап іздеңдер.

            1. Сұхбат  ауызекі  сөйлеу  стиліне  жата  ма,  жазба  стильге
        жата ма?
            2. Сұрақ-жауап  әдісі  және  қысқа  тұжырымды  сөйлемдер,
        жауап беруді талап етпейтін, жауабы белгілі сұрақтар  ауызекі
        сөйлеудің ерекшелігіне жата ма, әлде жазба стильдің ерекшелігі
        ме?
            3. Сұхбаттағы  қаратпа,  қыстырма  сөздер  қандай  мақсатта
        жұмсалып тұр?


                3-тапсырма. Мәтіндегі зат есімнің мағыналық топтарын ажыратып,
                кес теге түсіріңдер.

          зат есімнің мағыналық топтары                      Мысалдар

          Ел атаулары

          Халық атаулары

          Мәдени ұғым-түсінік  атаулары

          Тұрмыстық бұйым атаулары

          Мезгіл атаулары




                                                                                    97
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104