Page 100 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 100
4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Әңгіменің кіріспесін, негізгі бөлімін
және қорытындысын ажыратыңдар.
Мен Қаныш ағамен 1931 жылы Қарсақбайда таныстым. Ал-
ғашқы көргенім, алғашқы қол алысқаным әлі есімде. Үйде кезде-
семіз, түзде кездесеміз... күндіз кездесеміз, түнде кездесеміз. Мен
ағамен кездескен сайын өсіп, жетіліп қалғандай сезінер едім...
Айлы түнде Кеңгір өзенінің бойында жантайып жатқанымыз
есімде: анадай жерде шай қайнатқан жігіттер күліседі, олардан
әріде шатырлар ағараңдайды. Біз жай ғана сөйлесудеміз.
– Шаршайсыз ба, аға?
– Күндіз аздап...
– Түнде ше?
– Түнде өте жақсы тынығамын.
Күндізгі күшті жел сынғалы бері бұлт та сиреген, ай да біраз
бізге жақындағандай еді. Қаныш сәл ғана ойланып кідірді де,
қайтадан тіл қатты:
– Әбес, Абай өлеңдерінен оқып жіберер ме едіңіз, – деді. Мен
бө геліңкіреп, қысылған кісідей көрініп қалсам керек, Қаныш
біртүрлі ыңғайсызданғандай басын көтеріп алды. Мен сол кезде
оқи бастадым:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі...
Оқып болдым. Үн-түнсізбіз. Екеуіміз де қасымыздан Абай
ыңырсып өткендей, соған құлақ асқандай тына қалыппыз:
екеуіміздің де ішімізге қазақ тілі жаңа бір жарық, жаңа бір
жылу алып кіргендей, бақытты сезінгендейміз... Кеудемізде
тағы ырғақ оянды ...
Қараңғы түнде тау қалғып
Ұйқыға кетер балбырап...
деп енді Қаныш аға бастады. Дыбыс келісімдерін, әуен
ырғақтарын жетік сақтай білетін қоңыр дауыс ерекше бір сыр-
баз естілді.
Ұйықтау қайда мұндайда. Жарық түндей жарық ойлар
теңізіне батыппын да кетіппін... Мен Қанышты бұрын да сый-
лайтынмын, оның «Едігеге» жазған сөз басы қандай еді, сонда
98

