Page 95 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 95
10-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтінде қамтылған спорт ойындарының қайсысы сені
қызықтырады? Қайсысына барып жүрсің?
2. Өзің тұрып жатқан жерде қандай спорт түрлері жақсы
дамыған?
11-тапсырма. Мәтін үзіндісінде берілген пікірді дәлелдеп, жер-жердегі
достарыңа хат жазыңдар.
Алатау мен Алтайда тау шаңғысы жолдары дүйім жұртқа
мен мұндалап тұрады. Мәселен, Шымбұлақ базасына барып,
бір мәрте шаңғы теуіп қайтуға барша жұрт құмар. Спорттың
осынау қиын түрін ұнататын жүздеген, тіпті мыңдаған жас бұл
жерлерге Қазақстан түгіл, күллі әлемнің түкпір-түкпірінен жи-
налады. Ересектер шаңғы тепсе, балалар шанамен сырғанайды.
(«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабынан)
12-тапсырма. Өзіңді өзің тексер! Өзің құрастырған не ауызша сөйле ген
сө зің де қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қызметіне қарай жұмсай
ал дың ба?
7–8-сабақ
хОббИ ЕріККЕннің ЕрмЕГі ЕмЕс
1. «Хобби» деген сөздің мағынасын білесің бе?
2. Ұлы адамдардың хоббимен айналысқанын естіп пе едің?
1-тапсырма. Мәтінді аудиотаспадан тыңдаңдар.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Хобби деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
2. Адамдар не үшін хоббимен айналысады?
3. Мәтінде айтылған ұлы адамдардың есімдері, істеген істері
сендерге таныс па?
93

