Page 98 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 98

9-тапсырма. зат есімдердің мағыналық топтарын қатыстырып, сурет
                        сюжеті  бойынша  (95-бет)  монолог  жазыңдар.  Монологта  төмендегі
                        үзін діні төл сөз ретінде пайдаланыңдар.
                     Шамаң келсе, он шыбық отырғыз. «Артыңда мал қалғанша,
                тал  қалсын»  деген  бар...  Нағыз  отансүйер,  Қазақстанды  шын
                сүйер әрбір азамат бұл ізгілік ісінен қалыс қалмаса, нұр жауар...
                Отанымызды орманға бөлейік».

                                                                         (Шерхан Мұртаза)





                       10-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жа зыңдар.

                    бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе
                қандай болды?
                    балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс
                жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?
                    Ортан терек – ойлану.  Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе
                алдым?
                    шылдыр  шүмек  –  шынайылық.  Сабақ  маған  ұнады  ма?
                Неліктен?
                    Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта
                қалай сезіндім?



                                                9–10-сабақ

                                             нӘТИЖЕ сАбАҚ

                            СЕГІз ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ БОЛУДЫң СЫРЫ

                        1-тапсырма.  Мәтінді  бір  оқушының  мәнерлеп  оқуынан  тыңдаңдар.
                        Ауызекі  сөйлеу  стилінің  ерекшеліктеріне  көңіл  бөліңдер.  Негізгі
                        ақпараттарды анықтаңдар.

                    Грузияның халық әртісі, киноактер, кәсіпқой эстрада әншісі,
                сценарист, кинорежиссер, бүкіл ТМД елдеріне белгілі өнер қай-
                рат кері Вахтанг Кикабидземен сұхбат.
                    –  Вахтанг  мырза,  айтыңызшы,  демалыс  уақытын  қалай
                өткізуді қалайсыз?
                    – Менің ең сүйікті ермегім – балық аулау. Бұдан кейін шулы
                отырысты ұнатамын. Тамақты аз жесем де, дастарқанның мол
                болғанын,  қонақтардың  көп  болғанын  қалаймын.  Достармен



              96
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103