Page 77 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 77
қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік
түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл
кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді.
(«Қазақстан ғылымы» кітабынан)
5-тапсырма. Оқылым мәтініндегі жұрнақ жалғану, бірігу, қосарлану
тәсілдерімен жасалған зат есімдердің мағыналарын анықтаңдар.
6-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, қорықтың ел үшін
маңызы мен болашағы туралы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
бірінші сөйлем. «Менің ойымша....».
Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны .... деп түсіндіремін».
Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдар-
мен дәлелдей аламын».
соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге
келдім».
7-тапсырма. Оқылым мәтініндегі кәсіби сөздерді теріп алып, өсім дік
атауларын мағыналық топтарына қарай бөліңдер.
8-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін табыңдар. Дауысты, дауыссыз
ды быстардың сөз ішінде орналасуына назар аударыңдар.
Мәңгі жасыл, жер бауырлап өседі,
«Серігі» оның саңырауқұлақ деседі.
Ылғалды алқап оның-дағы мекені,
Көпке аян, оның мүк емес екені.
Өсімдіктің қабығынан ағады,
Оның өзі қымбат әрі бағалы.
Кейде арулар моншақ жасап сол заттан,
Сәндік үшін мойынына тағады.
Сүйеді ол ылғал менен жарықты,
Көлеңкесін кең жайып, саялатты халықты.
Жер мен судың атауына тіркесіп,
Өзін-өзі бар қазаққа танытты.
Бейбітшілік, сәттіліктің ағашы,
Сондықтан да қымбат оның бағасы.
Аты шыққан бар әлемге майы бар,
Мәңгі жасыл өсіп тұрған жайы бар.
шешулері: шайыр, зәйтүн, ағаш, қына.
75

