Page 76 - ҚАЗАҚ ТІЛІ_5 СЫНЫП. АТАМҰРА. ҚҰРАСТ.СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 76

4. Алғашқы жаратылған өсімдіктер қайсы?
                    5. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін маңызы бар ма?
                    6. Қазақстанда өсімдіктер жеткілікті өсе ме?


                        3-тапсырма. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін пайдасын диаграммаға
                        түсіріңдер, ойларыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.


                        4-тапсырма.  Мәтінді  оқыңдар.  Бір-біріңе  сұрақтар  қойып,  мәтіннің
                        мазмұнын талдаңдар.

                    Алтай  ботаника  бағы  1935  жылы  Шығыс  Қазақстан  облы-
                сы  Лениногор  қаласында  құрылған.  Ауданы  176  гектар,  теңіз
                дең гейінен  760–860  метр  биіктікте  тау  етегінде  орналасқан.
                Оның  50  га-дан  астам  жері  табиғи  қорық  ретінде  сақталған.
                Ал тай  ботаника  бағының  негізгі  жұмыстары:  Алтайдағы  өсім -
                діктер  дүниесін  қорғау;  пайдалы  өсімдіктер  түрлерін  өсіріп,
                халық  шаруашылығына  пайдалану;  басқа  жерлерден  әке ліп
                отырғызылған  өсімдіктерді  жерсіндіру;  өлкедегі  өнді ріс  орта-
                лықтарын  көгалдандыру.  Ондағы  өсімдіктердің  4000-ға  жуық
                түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады. Со ның ішін де ағаш
                және  бұталардың  570-тен  астам  түрі,  қыл қан жа пырақ ты лар-
                дың  47,  раушангүлділердің    90,  зеректің  17,  ал  жеміс-жи дек
                өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәр мек өсім дік терінің
                1000-нан астам түрлері өседі.
                    Алтай ботаника бағы өндірістік орталықтарды  көгалдандыру
                үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсім-
                діктерінің  ондаған  сорттарын,  малға  жемшөптік  өсімдіктің  25
                түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына
                пайдалануға енгізді. Сондай-ақ, Алтай ботаника бағы табиғатты



























              74
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81