Page 7 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 7
1-2 сабақ Сөз өнері
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1)ақылға, 2)қиялға, 3)көңілге.
Ақыл ісі — аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял
ісі — меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне
ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі — түю, талғау.Тілдің міндеті —
ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-
қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған
қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйгеи күйінде тілмен
айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек.
СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ
Сөз өнеріне жұмсалатын зат — сөз. Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне
жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады.Шығарма тілі екі түрлі болады:
1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі — айрықша өң беріліп айтылған сөз;
әншейін тіл — ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде,
сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады. Әншейін тілмен
сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады.
Сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып
айтылады.
Сөз өнері деп, асылында, – нені айтамыз?
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін
сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды,
көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа
шығару — сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз — осылай шығарған сөз. Сөзді
бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді
керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады.
( «Әдебиет танытқыш», 148-б)
Сызбаны толтыр!
Сөз өнері
5

