Page 9 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 9

4 -сабақ «Өнер алды- қызыл тіл »


                       «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз
           күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің
           де (яғни басқа өнер түрлерінің – С.М) қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара
           алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, кескінді сүгіреттер
           болсын, қандай әдемі ән – күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, танытуға
           болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.»»***. Бұл ұлттың ұлы тұлғасы,
           филолог, әдебиетші ғалым А.Байтұрсынұлының тұжырымы. Екі тұжырымда да
           әдебиеттің сөз өнері ретіндегі барша ерешелік қыры анық сипатталған.Демек,
           әдебиеттің өзге өнер түрлерінен өзіндік басты бір ерекшелігі – бейнелеу құралына
           – көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады.


               Суретті сөз, бейнелілік деген ұғымдар тек әдебиетке, ондағы сөз қолданысына
           қатысты ерекшелікті танытады.


              Сөз өнеріне байланысты мақал-мәтелдер жаз. Қанша жаза алады екенсің!


                                                      Өзіңді сынап көр!


                            Өзің жақсы білетін өлеңді  төмендегі сызба арқылы талда




               1.  Авторы.


                 2. Тақырыбы

                 3.  Жанр түрі


                  4.    Идеясы


                  5. Өлеңнің тәрбиелік мәні







                                    5- сабақ   Көркем бейне- сөз өнерінің бір белесі

                       Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі – өмірдің, өмір құбылысының
           бейнесін көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау.


           Көркем әдебиеттің алғашқы түрі – халық ауыз әдебиеті (фольклор). Ол адам
           баласының ой-санасы сәби кезеңінде туса да, ауыз әдебиетінің жақсы үлгілерінен

           біз айтайын деген ой-сезімін (образ) арқылы беретіндігін көреміз.


                                                             7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14