Page 14 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 14

айтыс-тартыс бағыты айқын көрінеді. Көркем сөз жанрлары - кезеңдік жанрлар,

           яғни өз кезеңінің өзекжарды мәселелерін арқау ететін, ұрымтал, елгезек жанрлар



                     Тапсырма


           Қалқаман Сарин  « Туған ауыл»  өлеңін мәнерлеп оқы. Көркем сөзді оқу
           жолында дауыс ырғағына назар аудар! Іске сәт


                          Есіңде сақта! Көркем сөз орындаушы,нақышына келтіріп, әңгімелеп
           беруші, үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап,диапазонын

           анықтап,ширақ шығуын жаттықтыруы керек. Өлеңді  оқу немесе  мәтінді әңгімелеп
           беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн,сонда ғана оның жұмсақ,жылы лебі немесе
           керісінше,қатал,салқын үні нақышталады.




                   Туған ауыл


            Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім,
            Кешір мені, кеш мені, сен текті елім!
            Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш,
            Жүреді ылғи жанымды өртеп менің.

            Туған ауыл. Бәрі есте... Балалық шақ,
            Қалаға кеп қаңғырдық қалам ұстап.
            Кешір мені, күнәсіз балалығым,
            Қала алмадым ауылда саған ұқсап.

            Қатты маған қызуың күннен сенің,
            Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.
            Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,
            Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.

            Тұрғанда жасыл өлке жырға тұнып,
            Көшіріп алушы едім, қырда отырып.
            Жауһардай жырға құмар жүрегімді,
            Алар ма ем, тұнығыңа бір батырып.

            Көнермес қасиет бар келбетінде,
            Сағынтар жалғыз мекен жер бетінде!
            Ауылым, сенен алған тұнық сезім,
            Жанымды бір ән болып тербетуде.

            Бәрі есімде бал ғұмыр, бала кездің,
            Арман қудым. Ат міндім. Дала кездім.



                                                            12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19