Page 15 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 15
Қазыналым, қымбатсың маған мәңгі,
Қарашығы секілді қара көздің!
Проблемалық сұрақтар:
Туған өлке сұлулығын ақын қалай бейнелеген?
Туған елің үшін сен не істер едің?
1. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:
- Туған өлке сұлулығын ақын қалай бейнелеген?
- Өзіңнің туған жерің туралы әңгімеле.
- Туған елің үшін сен не істер едің
‐
-
9 -10 – сабақ Дауыс және оның өзіндік бояуы
Дауыс. Сөз сөйлеуге дауыс қатысады.Дауыстың естілуі-психо-
физиологиялық әрекеттің нәтижесі.Оны әрбір сөйлеушінің даралық
қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады.Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз
байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін
барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады.Дауыс шымылдығының
керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады.
Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды
көрмей-ақ даусынан тануға болады.
Қандай бір жақсы дауыс болмасын оп-оңай бұзылады.Дауысты бұзып алмау
үшін,мынадай ережені мұқият сақтаңыздар;
1)Әркім өзінің табиғи даусымен сөйлеуге тиіс.Айқайлап,тым қатты сөйлемген
дұрыс.Бұл-сөйлеу аппаратын бұзады.
2)Тамақ кеберсіп,жыбырлағанда жөтелмей,аздап су ішіп жіберген жөн.
3)Ұзақ сөйлеп,не ұзақ өлең айтып дауысты шаршатпаған абзал.
4)Тамақты суыққа шалдырмаған дұрыс.Денең қызып,не терлеп тұрғанда суық су
ішпеу,балмұздақ жемеу,аязда терең дем алмау және аз сөйлеу керек.Тамаққа суық
тиген жағдайда мүлдем сөйлемеген дұрыс.Салқын,ылғалды ауада өлең айтпау керек.
5)Мұрын жолының ауруынан сақтаныңыздар.Дауыс пен тыныс аппаратының аз да
болса ауырғанын байқасыңыз,дәрігерге көрініңіз. Сөйлеу мен дауыстап оқу кезіндегі
ерікті тыныс алуға сәйкес жаттығып төселуге болады.Алғашқыда
дағдылану,жаттығу,мұғалім басшылығымен өткізіледі.Одан кейін жаттығуды өз
беттеріңше жүргізуге болады.
13

