Page 20 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 20

Хайуанат паркінде.


                 Демалыс күні мен жолдасым Маратпен хайуанат паркіне бардым.Онда біз
              көптеген аң- жануарларды тамашаладық.Олардың жатқан-тұрғандарын біраз

            қызықтап тұрдық.Кейін екеуміз балмұздақ жеуге бардық.Сөйтіп жақсы көңілмен
              оралып келе жатқанда, жолда жатқан қойын дәптерді көрдік.Ішінде құжатпен
                 ақша бар екен.Біз үндемей бір-бірімізге қарап тұрып қалдық.Марат қайта

                                     балмұздақ кафесіне баруға ұсынды……..




                    14-сабақ     Бата-тілек-сөз маржаны.

                                      Бата – тілектер, бата беру, бата алу.


                Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез – келген жерде айтыла бермейтін қасиетті
           ұғым. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол

           жайып айтылады. Батаны құрметті елге өте сыйлы адамдар береді.

             Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» деген

           сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше бата да сол
           ұлы қасиеттерге бастаушы, әрі тудырушы рухани мұра болып табылады.





                      тапсырма. Салыстыр

           Бата    ,Тілек  Венн диаграммасын құр




                      Тапсырма.   Қандай бата білесін?






                       Мәнерлеп оқып ,жаттап ал!    Мазмұнын қалай түсінуге болады?


           Бір үйдің баласы болма
           Көп үйдің санасы бол
           Бір елдің баласы болма
           Бар елдің данасы бол
           Бір тоннық жағасы болма
           Көп қолдық ағасы бол
           Ақты ақ деп бағала
           Қараны қара деп қарала
           Өзегің талса, өзен бойын жағала
           Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала
           Өзіңе - өзің кәміл бол


                                                            18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25