Page 23 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 23
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Өз туған жеріңнің суретін сал!
18-сабақ Әдеби тіл және оның нормаларының маңыздылығы
Тілді бір адам ғана жасамайды және әркім өз білгенінше сөйлей бермейді. Тіл
өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға
ортақ тілді әдеби тіл дейді. әдеби тілдің түрақты нормалары болады. Сол нормалар
арқылы да әдеби тіл көпшілікке түсінікті әрі бәріне ортақ болып келеді. Көркем
әдебиет тілі, ғылыми әдебиеттер тілі, баспасөз тілі — бәрі де әдеби тілде
жазылады. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар әр түрлі. Лексикалық норма — сөзді
мағыналарына сәйкес қолдану, грамматикалық норма -грамматикалық түлғалардың
орынды жүмсалуы, фонетикалқ норма — дыбыстардың дұрыс қолданылуы.
Әдеби тіл екі түрде өмір сүреді. Оның бірі- ауызша тіл, екіншіс! — жазбаша тіл.
Ауызша тіл үй іші, отбасында ғана емес, телерадио хабарларында, жиын-
жиналыстарда сөйлеу, адамдардың бір-бірімен бетпе-бет сөйлесуі, диалог арқылы,
мүғалімнің сабақ түсіндіруі, оқушының жауабы және т. б. арқылы көрінеді.
Жазбаша тіл ойды қағазға жазу арқылы көрінеді. Әр түрлі кітаптар, көркем
шығармалар, оқулықтар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер және т. б. жазбаша тіл
арқылы беріледі.
«Абай-дана,Абай –дара қазақта» тақырыбында әдеби тілдің
нормаларын сақтай отырып, ЭССЕ жұмысын жаз.
2- тапсырма
Абай Құнанбайұлына арнап ашық хат жаз.
19-сабақ Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу маңызды
Сөз – есепсіз, тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл – басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.
﴾А.Жүгінеки﴿
Тіл – үлкен-кішінің өзара түсінісуінің, пікір алысуының құралы, тарихи
дәстүрлерді болашаққа жеткізуші тетік. Кірпіштен қалап, үй салуға болатыны
сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалады. Тілдің кішкене бөлшегі – сөзбен
ойымызды жеткіземіз. Ал дұрыс сөйлеп, сауатты жазу үшін қазақ тілінің заңдарын
білгеніміз жөн. Өйткені кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бір басқа. Осы
21

