Page 28 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 28

23-сабақ    Қазақ поэзиясы тілінің көркі


                         Түсініп оқу үшін дұрыс оқу керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын
           түсініп оқу керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс оқыды дей алмаймыз. Ендеше
           бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу кезеңінен басталады. Сауат
           ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сөйлеуге үйретеміз. Ал оның басты
           үлгісі – мұғалімнің өзінің дауыс интонациясы арқылы сөйлем не мәтіндегі негізгі
           ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер көңіл-күйін сезіне оқу.
           Профессор С.Рахметованың анықтамасына сүйенсек, «мәнерлеп оқу дегеніміз –
           дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс
           қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл күйін сезіне оқи білу» (2,
           67). Мен зерттеу жұмысымда осы анықтаманы басшылыққа ала отырып, мәнерлеп
           оқуды қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу, дауысты құбылтып,
           тыңдаушысына әсерлі етіп жеткізу деген тұжырымға сүйенемін.




                  Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді келтірейік:


           «Сыр сандықты// ашып қара,
           Ашып қара // сырласым.
           Сым пернені// басып қара;
           Басып қара// жырласын!
           Сұлу сымда// перне әуені
           Перне әуені// жыр айтар
           Көңіл ашар// тербеу әні,
           Тербеу әні //сыр айтар».


                Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан дүниесі
               (метофора), сым перненің көңіл – күйі ( метафора) және әр шумақтың бунақ,
              тармақтан тұратынын ажырата білуі керек, сонда ғана ол ақын жанын түсініп,
              сезіміне еніп, тыңдаушы жүрегіне сол сұлу сазды, сырлы назды жеткізе алады.




                  Тапсырма  .Өзің  білетін өлеңді  мәнерлеп оқы!Екі шумағына  талдау
           жұмысын жүргіз. Құрылымына қарай.


             24-сабақ    Мәнерлеп оқуда дыбыстау мүшелерінің қызметі

               Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау

             мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар

               аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жөн. Оқудың, сөйлеудің мәнерлі

                 болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесіне ауаны керегінше
                  жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, ерікті түрде дем алып, орынды
                         пайдалана білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ.



                                                            26
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33