Page 26 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 26
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырған жердің жүзі
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі
Жаздың көркі енді жыл құсымен,
Жайрандасып жас күлер құрбысымен
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбандасар өзінің тұрғысымен
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып , сырласып , мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап қорада шу
Көбелек пен құстар да суда ду-ду
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып бұландап ағады су.
Шығармашылық тапсырма
Өлең лириканың қай түріне жатады? Жауабыңды дәлелде!
21- Сабақ Монолог –ішкі сырдың белгісі.
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке
қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу
мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі
көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып,
тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки”
өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері –
Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады.
Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын
аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды.
Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік
жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми
баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де,
24

