Page 30 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 30
Бірлік барда белгілі ғой бақ бары.
Барлық қазақ біріккенде атқанын,
Ұмытпайық! Азаттықтың ақ таңы!
Алмас Алтай
Өлеңнің мазмұнын сөзбен жаз
25-26-сабақ Мәтінмен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын
көрсетеді.
Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа
жолдан бастап жазылады.
Батыр қыз
Қараңғы түн. Ұрыс басталды. Әлия командирінен барлау жұмысына жіберуді
өтінді. Әлияның тілегі орындалды. Ол бір топ жауынгермен дү-шпан шебіне өтті.
Жаудың минометі тұрған жерге жетті. Бірнеше граната лақтырды. Минометті жоқ
қылды. Бір жау офицерін штабқа әкеліп тапсырды. Таң атты. Ұрыс қайта басталды.
Жау шабуылға шықты. Жауынгерлер дұпшанның шабуылын тойтара берді.
Гитлершілдер жеңе алмады. Олар шегінді.
Келесі күні біздің адамдар жаңа шабуылға шықты. Ұрыс қыза түсті. Жау
өздерінің басты күштерін жіберді. Бір минаның сынығы Әлияның қолын жаралады.
Әлия оны ескермеді. Жарасын өзі таңып алды да , жауға оқ жаудыра берді.
- Мәтін не туралы екен?
Екі абзацты жеке-жеке оқып, әр абзацқа ат қой
28

