Page 32 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 32

Тапсырма

                  Бұл жер жап-жасыл. Жасыл кілем төсеп тастағандай. Ойпандар да, бұта-

                  өсімдіктер де көкпеңбек. Айналаға көз салсаң, жер дүние маужырап тұр. Не
                  деген сүлу табиғат!
                  Табиғатты өз сөзінмен суреттеп бер!



                              27-сабақ     Қазақ тілінің қоғамдық рөлі


                         Қазақ тілі-Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі. Бүгінде
           Қазақстан Республикасында тұратын орыстар, украиндар, түріктер, немістер,
           кәрістер тағы басқалар ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлей бастады.


           Қазақ тілі  түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Тәуелсіз елдердің  достық
           мемлекеттерінде  отыздан астам тіл түркі тілдер тобына  енеді. Атап айтқанда :
           қырғыз, татар,әжірбайжан, өзбек,ұйғыр,башқұрт т.б.


            Тіл ең алдымен ,адамдар арасындағы қатынас құралы. Ол белгілі бір адамдар
           арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызымет атқарады. Тілдің

           қатынас құралы болуының себебі, адамдардың бір-бірімен ойын жеткізіп, түсінік
           алуы, сөйтіп бір-бірімен қатынас жасауы,сөйлесуі.


                                    Тіл туралы асыл сөздер мен таныс бол!

           Асыл сөзді іздесең ,
           Абайды оқы, ерінбе.
           Адамдықты көздесең,
           Жад тоқып ал көңілге.   (С.Торайғыров)


           Ана тілін сүймеген,
           Ақылы жоқ желікбас.
           Ана тілін сүймеген,
           Халқын сүйіп жарытпас. (Б.Сарноғаев)

           Ана тілім- күшім менің , қуаттым,
           Жырым сендік  жүрегімнен туатын. (Ғ.Қайырбеков)


                                  Халық мақалдары тіл туралы  .Жаттап ал!


           Анам берген туған тілім,
           Атам берген құрал тілім.
                                                                       Ана сүті бой өсіреді,
                                                                       Ана тілі ой өсіреді.



                                                            30
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37