Page 27 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 27

диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз
           кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.


                     Шығармашылық тапсырма


           «Менің арманым » тақырыбында монолог жаз.  ( 20 минут)




                                   22-сабақ   Диалог- қарым-қатынас   белгісі


                          Тіл адамдарға өзара қарым-қатынас жасау үшін, өзі айтпақ ойды келесі
           адамға жеткізу үшін керек. Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп
           сөйлесуі арқылы пікір алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогта сұрақ қою

           арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады. Мысалы, егер өзіне берілген
           мағұлмат толық болмаса, қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады.
           Диалог қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен мазмұны жағынан көлемді келеді.

           Диалогта келесі айтылымдардың қолданылатынын байқаймыз: сөйлемде
           фразаларды кірістіріп қолдану, сөзге  жауап күту т.б. Диалог барысында сөйлесуші
           сөз орнына  ым-ишара мен ауыз екі сөйлеу түрлерін пайдаланады.


           Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса
           онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар
                                                     [3]
           тыңдау механизмдері қатар жүреді.
           Біліктіліктері:


             Сұрақты мәселені талқылауға қатысу және өзінің ойын жеткізе білу;
             Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу;

             Сөйлесушінің айтқандарына дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру;
           Құрылымы: Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-
           күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және
           «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.

           Диалогта келесі айтылғандар орын алады:


             Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;
             Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану;
             Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану.



                              «Мен саған,сен маған» әдісін пайдалана отырып жоғарыдағы
                  берілген  түсінікхатқа  сұрақ –жауап құрастыр.


                             «Диалог» ойыны. «Үш тілділік саясатын қолдайсын ба?»  осы
                  тақырыпта диалог құрастыр  Іске сәт!





                                                            25
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32