Page 25 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 25

Өлең адамға  өзінің  ішкі  мазмұнымен,суреттілігімен,бейнелік мәнімен  ғана
           емес,айтылу  қалпы,әсем  үнділігімен  де әсер  етеді.Сөздің  ұғым-түсінік  беретін
           мәнін,бейнелі  мағынасын  оның  өлеңдегі  ырғақ-үнділігі,әуезділігі  сан  түрлі  рең
           беріп   толықтыра  түседі.Тіпті,  өлеңді  сөйлеп  айтпай,іштей  оқығанда  да,оның
           үні,әуезділігі,ырғақ-интонациясы,үйлесі   адам  жанына қалай  да  әсерін  тигізбей

           қоймайды.Мұны  қандай  ақын  болсын  тәжірибе  жүзінде-ақ  анық
           байқайды.Сондықтан  олар  өлең  сөздің  Абай  айтқандай “тілге  жеңіл,жүрекке
           жылы  тиіп”, “айналасы  теп-тегіс,жұмыр ”  келуін  өз  қалдарынша  құнттайды.

           Өлең дегеніміз не?

           Өлең - белгілі бір өлшеммен қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін сөз
           жүйесі.
           Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не?

           Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лирика
           бес түрге бөлінеді.
           1. Табиғат лирикасы

           2. Махаббат лиракасы
           3. Философиялық лирика
           4. Саяси лирика

           5. Көңіл - күй лирикасы

           Абай лирикасын осы анықтама тұрғысынан қарап көрейік. «Желсіз түнде жарық
           ай» өлеңін сызба бойынша талдау

           1. Авторы Абай Құнанбаев
           2. Тақырып – бұл өлең табиғат туралы. Өлеңде ақын табиғат пен махаббатты
           үндестіре суреттейді.

           3. Жанр түрі – поэзия(өлең).

           Идеясы - Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса,
           адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне

           білуге жетелейді. Жазғытұры», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс» Абай
           табиғатты шебер жырлаған, өзінше ерекше жырлаған. Оның табиғаты жанды,

           үнемі қозғалыста. Бұл табиғат лирикасы
           «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек»,
           Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» ойын
           бос жүріс, алдымен білім алу керектігін жастарға айта білді - философиялық

           лирика.






                      Өлеңді мәнерлеп оқы!


                  Жазғытұрым

                                                            23
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30