Page 22 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 22
барысындағы өзгеріп отыруы болып табылады. Сөйлеу сарыны синтаграммалар
мен ритмикалық топтардың әрі жігін ажыратып, әрі басын біріктіріп, бүтін
бір сөйлем етіп құрып отырады. Сөйлеу коммуникатив түрлерге (хабарлы, лепті,
сұраулы, бұйрық) бөлінеді. Сөйлемнің мағыналық тұрғыдан маңызды бөлігін баса
көрсетеді, сондай-ақ көңіл-күй көріністерін, кекесін-қалжың тәрізді астарлы
сәттерін аңғартады. Лингвистикалық (акустикалық) талдау үстінде негізгі тонның
(дауыс ырғағының) жоғары-төмен деңгейлері, олардың арасындағы алшақтықтың
шамасы, әуен сатылары, оның биіктеу шыңы, тік немесе жайпақ көтерілуі мен
түсуі, үдемелі, кемімелі және тегіс қозғалуы деңгейлері анықталады. Әдетте
зерттеушілер сөйлеудің белгілі бір сөйлем түрлеріне тән сөйлеу сазының пішінін
табуға тырысады. Әзірге сөйлеу сазының дыбыстық (акустикалық) көрінісі жайлы
тіл білімінде ортақ пікір жоқ.
1- тапсырма
Жоғарыда берілген мәтіннен қандай қорытынды жасадын жазып бер
2- тапсырма
Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысалы: Лепті сөйлем дегеніміз не? Мысалы
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?Мысалы
17-сабақ Шабыт шыңы -шығармашылық
Өлеңді мәнерлеп оқы. Мазмұның сөзбен жазып жеткіз!
Туған өлкем.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей даласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
20

