Page 17 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 17
Отансыздар мына өмірде бос қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.
Отанымды күзетеді адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Басқалардың тимесінші кесірі.
Елдің көшін өрге бастап барады,
Нұрағаңмен егіз болар есімі.
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,
Бесігімде тербеледі дос үні,
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Тапсырма.
«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым »тақырыбында ой толғау жазып,
оқып бер!
Дикция. Буын, сөз, дыбыстарды дұрыс айту - мұғалімнің дұрыс дикциясына
байланысты. Егер мұғалімнің дикциясы дүрыс болса, оқушы оның сөзін дұрыс,
ықыласпен тыңдайды.
Дикция дұрыс болу үшін ерін, езу, тіс, көмекей, жақ, таңдай сияқты сөйлеу
аппараттары дұрыс жұмыс істеуі керек. Ол үшін мектепте, үйде жаттығу
жұмыстарын көп жүргізу керек. Ондай жаттығулар - дыбыстардың айтылу ар-
тикуляцияларын жаттықтыру, мәнерлеп оқуды жүзеге асыру, дауысты, дауыссыз
дабыстардың айтылу, қолдану дағдыларына жаттықтыру керек.
12-сабақ Тілге арналған жаттығулар
Артикуляциялық жаттығу дегеніміз не? және оның маңызы;
Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық
еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын
қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған
жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-
жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активтіжәне пассивті болып екіге бөлінеді.
-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
– пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.
Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс
орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және
массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы
көмектесуге болады.
15

