Page 16 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 16

Жоғарыда айтылған  дауыс сақтау ережесін  есінде сақта!





                                                       1 Тапсырма

           Парталас     досыңмен  «Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап

           сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ дауысынан тануға болады» тақырыбында әңгіме
           дүкенін құр. Оған арнап бірнеше сұрақтар дайында




                     2 тапсырма


            «Латын әліпбиі- болашақтың кепілі»  тақырыбында  шағын   баяндама
           дайында. Оны  дауыс ырғағымен оқып  бер.Өзіндік дауыс ерекшелігіңді

           көрсете




                                11-сабақ     Сөйлеуші сөзінің  маңыздылығы. Дикция

                    Дикция (үн реңі).  Әр сөйлеуші  өз сөзін анық,айқын айтуға тиіс. Сондықтан

           адамдар  өз сөзіне мұқият болып,өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді
           жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыруы керек. Анық,таза сөйлеу
           дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады,яғни
           сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап,бір қалыпты қозғалуы

           мен поэициясы жағдайында ұстау.Бұл жаттығулар еріннің қимылына,жақтың
           жылдам ашылуына,тілдің жылжымалығына,кей дыбыстарды (р,ш,с ) дұрыс айтуға
           дағдыландырады,тез сөйлегенде,созып сөйлегенде т.б.кездесетін кемшіліктердің

           болмауына көмектеседі. Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі
           сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді.Фонетиканы жақсы білу дикцияны
           түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді.





                    Тапсырма . Берілген өлең шумағын мәнерлеп,дикция қойып оқы.Мәнерлеп

           оқуда дикцияның маңызы зор.




                   Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі


           Отан деген от басынан басталар,
           Отбасыма от салмасын басқалар.
           Отан деген қасиетті, киелі,
           Отан десем оянады асқақ ар!



                                                            14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21