Page 11 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 11
“Менің қиялымдағы Қожа...” қандай болу керек? Эссе жаз. (70-80 сөз
көлемінде)
6-сабақ Әдептілік белгісі-дұрыс сөйлей білу.
Мәтінмен жұмыс.
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-
қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу
әдебі, мәдениет мәйегі болып табылады.
Сөйлеу әдебі. (жаттап ал)
Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:
1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе
міңгірлеуге болмайды.
3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе
туралы айтудың қажеті жоқ.
4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу
керек.
Тыңдай білу әдебі. (жаттап ал)
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:
Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын
сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән
бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады.
Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз,
сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен
тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі
болады:
1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.
2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез-
құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.
Сұрақ-жауап «Мен -саған,сен-маған» әдісі.
Сөйлеу әдебі мен тыңдау әдебі бойынша парталас көршіне 5 сұрақ дайында!
Тапсырма
Тіл туралы халық даналығы : Қалып қойған сөздерді тауып толықтыр.
Мазмұнына тоқталып кет .
Жақсы ----------- сөйлер, жаман ------------------ сөйлер.
Бір жылы ----------- бітірер, мың көңілдің жарасын.
Сөз қадірін-------------, өз қадірін -----------------------.
Сәлемі жараспағанның, ------------- де жараспайды.
9

