Page 24 - <4D6963726F736F667420576F7264202D203FE4B3F1F2E5ECE5EBB3EA203F3FF0E0EBFB20D13FE9EBE5F320EC3FE4E5EDE8E5F2B3202D3F3FE4E5EBE3E5ED>
P. 24

ретте фонетикалық ережелерге тоқталуды жөн көрдік. Түбір сөз бен қосымша, сөз

           бен сөз арасыңдағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі
           аталады. Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал,

           тоғыспалы ықпал. Сөздің соңғы дыбысы дауыссыздан басталатын қосымшаның
           алғашқы дыбысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейді. Біріккен сөз-
           дердің, сөз тіркесінің алғаш-қы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан
           басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жаз-ғанда түбірі сақталады.

           Мысалы:   Қоныспек деп айтылғанмен, жазылуы Қонысбек.  Біріккен сөздердін, сөз
           тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға,  үндіге не ұяңға аяқталып, екінші сыңары
           қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда

           түбірі сақталады. Мысалы: Жаңа-ғорған деп айтылады, Жаңа-қорған деп
           жазылады. Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың
           кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады. Кейінді ықпалдың

           жазуда ескерілетін де, ескерілмейтін жері де бар. Көбінесе кейінді ықпал бойынша
           ықпалдасатын қ, к, п, с, з, ш, ж, н дыбыстары болып келеді, тек айтылуда ғана
           өзгеріске ұшырайды, мысалы, Бозжан (Божжан),  жұмысшы (жұмышшы), Боранбай

           (Борамбай) т. б. Қазақ тілінде көрші дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп,
           алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс
           өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдай кездеседі. Дыбыстардың осылайша
           өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс

           ескерілмейді. Мысалы, Ырысжан (Ырышшан), Досжан (Дошшан),    Жанқожа
           (Жаңғожа) т.б. Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п
           дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болады, бірақ жазғанда түбірі

           сақталады Мысалы: Жанпейіс – Жампейіс,  Ермағанбет – Ермағамбет. Кейбір
           сөздер қалай айтылса, солай жазылып та жүр. Халықтық қолданыста екі түрлі
           жазылатын сөздер де кездеседі. Көпшілік солай қолданып үйренгендіктен

           оны  қате деуге де болмас. Сөздің табиғи естілуі үшін, дыбыс түрленімінің
           барлығын сақтап сөйлеу керек. Ауызша сөздің жатық айтылуы, үндестік заңын
           сақтай отырып, орфоэпиялық және орфографиялық нормаларды білу, әріптердің

           емлесін, оның айтылу нормасымен қатар меңгеру әр адамның міндеті деп
           ойлаймын.




                           Тапсырма:Газет немесе журналдағы тіл туралы жазылған бір мәтінге

           орфографиялық, орфоәпиялық нормалар бойынша талдау жасаңдар.




                   20- сабақ   Өлеңмен өрілген сөздер

           1.Өлең  туралы  жалпы  ұғым




                                                            22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29